1 - 3,5 тонна

Дизельді қозғалтқышпен жабдықталған 8-сериялы Toyota ашалы тиегіштерінің жүк көтергіштігі 1 тоннадан 3,5 тоннаға, көтеру биіктігі 7 метрге дейін жететін түрлері жасап шығарылады. Тиегіштердің аталған жаңа сериясы 2006 жылы 7-сериялы тиегіштердің орнына келді. Тиегіштердің 8-сериясы ашалы тиегіштер өндірісіндегі ірі жетістікке айналды, бұл ретте қауіпсіздік пен ыңғайлылықты қамтамасыз етуге бағытталған заманауи технологияларды қолдану арқылы алдыңғы серияның барлық үздік сипаттары жетілдірілді. Тиегіштерді әртүрлі тиеп-түсіру әрекеттерін орындау үшін аулада, қоймада және өзге үй-жайларда қолдануға болады.

Спецификациялар

Каталогты жүктеу
Модель Жүк көтергіштігі, кг Бұрылу радиусы (сыртқы), мм  
8FD10 1000 1910 Құнын білу
8FD15 1500 1990 Құнын білу
8FD18 1750 2010 Құнын білу
8FD20 2000 2200 Құнын білу
8FD25 2500 2280 Құнын білу
8FD30 3000 2430 Құнын білу
8FDJ35 3500 2490 Құнын білу
1

Жүкті стандарт көтеру биіктігі - 3000 мм. Көтеру биіктігі 2700-ден 7000 мм дейін жететін мачталармен бірге сатылуы мүмкін. 3000*(2700-7000). Ауырлық ортасы – 500 мм.

8-сериялы ашалы тиегіштердегі оператор тиегішке отыру сәтінен бастап жұмыс кезіндегі жайлылықты сезінеді:
  • Үлкен көмекші тұтқа тиегішке ыңғайлы отырып, түсуге мүмкіндік береді.
  • Тиегіш қолдың астында орналасатындықтан, созылуды қажет етпейтін кіші диаметрлі рөлмен басқарылады. 
  • Оператор шағын басқару панелінің және төбедегі тордың арқасында жұмыс барысын қажетінше шолуға мүмкіндік алады.
  • Оператордың реттелмелі орындығы жайлылық пен отырған қалыптың сақталуын қамтамасыз етеді.  
  • Рычагтар мен басқыштар операторға ыңғайлы орналасқан
  
                                                   
Toyota компаниясы тиегіштерді жасап шығару кезінде тиегіш техниканың қауіпсіздігіне жіті назар аударады. Белсенді тұрақтандыру жүйесінде (SAS) жүзеге асырылған соңғы буын технологиялары жазатайым оқиғалардың туындау ықтималдығын төмендетуге мүмкіндік береді. Берілген жүйе оператордың жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Оператордың болу жүйесімен (OPS) толықтырылған. Толығырақ >>
8-сериялы дизельді тиегіштерде 1DZ-II типті тиімділігі жоғары экологиялық қозғалтқыш қолданылады:

Қозғалтқыштың типі

Дизель 

Өндіруші

TOYOTA 

Қозғалтқыштың моделі

1DZ-II 

Қозғалтқыштың көлемі (текше см)

2486 

Номиналды қуаты (кВт)/ айн.мин

40/2400 

Номиналды жүктеме кезіндегі айналу моменті (Н-м)/ айн/мин

166/1600