R-сериялы отырған күйі басқарылатын ВТ электр арбаларының келесідей артықшылықтары бар:
- Тербеліс әсерін төмендететін жұмсақ әрі ыңғайлы шанақ;
- Реттелмелі орындық, рөл және басқыш;
- Операторға арналған жеке код орнату/бағдарламалау мүмкіндігі;
- Жинастырылатын тауарды тұғырыққа оңай орналастыруға көмектесетін ыңғайлы көтергіш ашалар;
- Көтеру биіктігіне қарай, техниканың жылдамдығын, үдеуі мен тежелуін автоматты түрде реттейтін ВТ Optipace жүйесінің болуы;
- Жылдамдықты 19,9 км/сағ дейін үдетуге мүмкіндік беретін, сыйымдылығы жоғары қос АКБ қозғалтқышының болуы.
Клиенттің қалауы бойынша төменде көрсетілген және өзге қосымша опциялар қарастырылуы мүмкін:
- Оператордың қосымша қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бас тұсындағы қорғаныс торы;
- 3590 мм дейінгі ұзындық мәнін таңдау, бұл опция электр арбаны бірнеше тұғырықты алыс қашықтыққа жылжыту үшін қолдануға мүмкіндік береді.