ВТ Staxio электр қаттауыштары қоймадағы бүкіл арбаның жұмыс көлемін қысқартуға мүмкіндік береді, тиеп-түсіру тапсырмаларының кең спектріне: қаттау, жүктерді көлденең жылжыту, тапсырыстарды толымдау үшін қолдануға болады. Жүк көтергіштігі 2 тоннаға дейін, көтеру биіктігі 6,3 метрге дейін жетеді.
Доға тәрізді дизайн, басқару тұтқасының орналасқан орны мен өлшемі, сондай-ақ BT Totalview жүйесінің арқасында ВТ қаттауыштарының барлық модельдерінде қамтамасыз етілетін керемет шолу деңгейі оператордың әртүрлі, соның ішінде шектелген кеңістіктерде тиімді манервлер жасауына көмектеседі. Модельдердің барлығы жоғары тиімділігі әрі сенімді айнымалы тоқпен жұмыс істейтін электр қозғалтқыштармен жабдықталған, осының арқасында техникаға тұрақты техникалық қызмет көрсету талап етілмейді. Сонымен бірге, барлық модельдер төменгі температуралы немесе салқындатылған үй-жайларда қолдану үшін тиімді екендігін айта кету керек.
Біздің компания кез келген операцияны орындауға мүмкіндік беретін электр қаттауыштардың жаяу жүргіншіге арналған, платформалы, тұрған күйі басқарылатын, отырған күйі басқарылатын түрлерін ұсынады.