Жекелеген позициялар бойынша тауарларды іріктеп алу, яғни тапсырыстарды толымдау – бұл жүктерді қойма жайларда өңдеудің негізгі процестерінің бірі. Тапсырыстарды толымдау техникасы – бұл тапсырыстарды түзу процесін жеңілдетуге мүмкіндік беретін машина. Тапсырыстарды қолмен толымдау тұрғысынан аталған машинаның тиімділігі өте маңызды, себебі бұл клиенттердің талаптарын қанағаттандыруға тікелей әсер етеді. Бұл жабдықтың қолданылу аясы дистрибьюторлық орталықтардан шағын көтерме кәсіпорындарға дейінгі аралықты қамтиды.
Біздің компания төмен, орташа және жоғары биіктіктерде жұмыс істейтін, әртүрлі мақсаттарда қолдану үшін заманауи талаптарға жауап беретін, тапсырыстарды қолмен толымдауға арналған BT Optio қаттауыштарының модельдік қатарымен танысуды ұсынады. Модельдердің барлығы өнімділіктің, қауіпсіздік пен жайлылықтың асқан деңгейін қамтамасыз етеді, сондай-ақ төмен температуралы үй-жайларда қолдану үшін тиімді болып табылады.