Отырған күйі басқарылатын

Ричтрак - отырған күйі басқарылатын

Өлшемі шағын, отырған күйі басқарылатын Тойота 6FBRE ричтрактары өте тар бұрылу радиусын қамтамасыз ету мақсатында арнайы құрастырылған. Бұл ричтрактар паллеталы сөрелерден тұратын тар әрі биік қоймаларда жұмыс істеуге арналған. Ыңғайлы жұмыс орнынан тұрады, шу шығару деңгейі төмен.  
Отырған күйі басқарылатын ВТ ричтрактары қарқындылық деңгейі әртүрлі жұмыстар үшін арнайы құрастырылған. Айнымалы тоқ электр қозғалтқышы жүйесі қолдану шығындарын үнемдеп, жұмыс өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. ВТ ричтрактары тамаша жылдамдығымен, жылдам көтеру және тежеу сипаттарымен өздерін көрсете білді. Модельдердің барлығында оңай бағдарламалап, басқаруға болатын арнайы интерфейстер орнатылған.


Спецификациялар

Модель Жүк көтергіштігі, кг Көтеру биіктігі, мм  
Toyota 8FBRE12S 1200 7000 Құнын білу
Toyota 8FBRE14S 1400 8500 Құнын білу
Toyota 8FBRE16S 1600 8500 Құнын білу
BT RRE140 1400 9000 Құнын білу
BT RRE160 1600 10500 Құнын білу
BT RRE180 1800 11000 Құнын білу
BT RRE200 2000 12500 Құнын білу
BT RRE250 2500 12500 Құнын білу
1

Моделіне қарай, Тойота ричтрактарының көтеру биіктігі 3000-нан 8500 мм дейінгі мачталармен жабдықталған комплектациясы қолжетімді.

Тойота ричтрактарының келесідей артықшылықтарын атап көрсетуге болады:
  • Ричтрактың шағын өлшемі жүктерді тар қойма кеңістігі жағдайында өңдеуге мүмкіндік береді;
  • Кеңінен шолуға мүмкіндік беретін мачта және ашалардың ұштарының жақсы көрінуі;
  • Техника еденінің төмендігінің арқасында, отырып-түсу оңай; 
  • Арнайы қосылатын анализатор техникалық қызмет көрсету кезінде назар аударуды қажет ететін барлық функцияларды тексеруге мүмкіндік береді;
  • Аккумуляторды жылжытуға арналған электр тетік батареяны тұрақты түрде тексеруге мүмкіндік береді, бұл оның қызмет ету мерзімін ұзартады.

Сипаттамалары кестеде берілген ВТ ричтрактарының қоймадағы әртүрлі жағдайларда қолдануға арналған төменде көрсетілген сериялары ұсынылған:
  • Операторға арналған бірегей, шалқайтылатын шанақпен жабдықталған BT Reflex E сериясы. Шанақты шалқайту мүмкіндігі оператордың мойны мен иығына минималды күштің түсуін қамтамасыз етеді. BT Reflex E сериялы ричтрактар ауыр жүктемелер, ауыр жүктерді жоғары биіктіктерде өңдеу үшін ұсынылады. 
  • 1200 мм болатын тар шассилі BT Reflex M сериясы. Қоймадағы қарқындылығы төмен әрі орташа жұмыстар үшін немесе төменгі жиілікпен қолдану үшін таптырмас құрал. Максималды жүк көтергіштігі 1600 кг дейін, максималды көтеру биіктігі 8500 мм дейін жетеді. 
  • Салқын қойма жайларда, -35°C дейін қатыру камераларында жұмыс істеуге арналған Cold Store сериясы. Шалқайту функциясы қарастырылған немесе мұндай функциясы жоқ жылытылатын немесе әдеттегі шанақты орнату мүмкіндігі бар.
Мұнымен қоса, ВТ ричтрактарының келесідей артықшылықтары бар: 
  • Кеңінен шолу қарастырылған модель 
  • Басқыштар автомобильдегідей орналасқан (максималды ыңғайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін)
  • Автоматты тұрақ тежегіші
  • Бірқалыпты үздіксіз көтеру мүмкіндігі
  • Меңгерік дөңгелегін 360 градусқа бұру мүмкіндігі
  • Гидравликамен бір уақытта басқару 
  • Батырмалардың немесе джойстиктің көмегімен басқару
  • Күрделі жұмыстарға арналған модель және беріліс қорабы