Тар жұмыс аймақтарында жұмыс істеуге арналған қоймадағы қаттауыштарды таңдау қажеттілігі жағдайында, бірінші кезекте қойма жайды максималды қолдану мәселесі туындайды. Мұндай мәселелерде тар өтпелерге арналған BT Vector қаттауыштары тамаша шешім болып табылады, олар кеңістікті мейлінше қолданып, қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, қоймадағы қолмен іріктеу және қаттау жұмыстарын орындау кезінде төменде де, жоғары биіктікте де жұмыс өнімділігі мен тиімділігін арттырады.
Регенеративті энергия жүйесінен тұратын айнымалы тоқ негізіндегі тягалы электр қозғалтқыш оны келесіде зарядтауға дейін мейлінше ұзақ жұмыс уақытын қамтамасыз етеді. Тар өтпелерге арналған BT Vector қаттауыштарының барлық модельдері қаттауыштың көтерілу биіктігіне, сондай-ақ жүктің салмағына байланысты қозғалу жылдамдығын реттеп отыратын BT Optipace жүйесімен жабдықталған, осы арқылы қауіпсіздікті сақтай отырып, жылдам қозғалуға болады. Бұған қоса, модельдердің барлығы температурасы төмен қоймаларда жұмыс істей алады.