Оператор шанағы көтерілмейтін қаттауыштар

Тар өтпелерге арналған қаттауыштар - оператор шанағы көтерілмейтін қаттауыштар

Ричтрак негізінде құрастырылған R-сериялы тар өтпелерге арналған ВТ Vector қаттауыштары астыңғы бөлікте бірқалыпты орнатылған шанақтан тұрады. Бұл техника өте тар жұмыс дәліздерінде жұмыс істеуге арналған. Мұндай тар өтпелерге арналған қаттауыштар аз кеңістікті қажет ететін және тұғырықтардың көлденеңінен жоғары жылдамдықпен жылжуын қамтамасыз ететін әдеттегі немесе жылжымалы ашалармен жабдықталуы мүмкін. Тар өтпелерге арналған қаттауыштардың қозғалысы рельсті бағыттауыштар немесе индукциялық кабель бойынша басқарылады, бұл өте тар дәліздерде жылдам әрі қауіпсіз жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Жүк көтергіштігі 1,25-тен 1,5 тоннаға дейін жететін аталған модельдік қатар техникалары жүктерді 11,3 метрге дейінгі биіктікте өңдеуге мүмкіндік береді.


Спецификациялар

Модель Жүк көтергіштігі, кг Көтеру биіктігі, м Өту жолының ені, мм  
VRE125SF 1250 11.3 1450 Құнын білу
VRE125 1250 6.7 1660 Құнын білу
VRE150 1500 11 1660 Құнын білу
1

R-сериялы BT Vector VRE125SF/VRE125/VRE150 модельдерінің ерекшеліктері:
  • VRE125 және VRE150 модельдері бұрылмалы ұштығы бар әдеттегі ашалармен, VRE125SF моделі ені минималды жұмыс орнының өтпелерінде паллеталарды көлденеңінен жылдам жылжытуға арналған ескек тәрізді жылжымалы ашалармен жабдықталған;
  • Қаттауышты қолдану параметрлері (қозғалу жылдамдығы, үдеу және т.б.) бағдарламаланып, әр нақты оператордың талаптарына қарай бейімдетіледі, тағайындалған баптаулар өзге оператордың сақталған деректерді өзгертуіне мүмкіндік бермейтін pin-кодпен сақталады;
  • Жайлы әрі реттелмелі орындықпен жабдықталған оператордың ыңғайлы орны;
  • Оператордың шанағы қорғаныс торымен жабдықталған және тамаша шолуды қамтамасыз етеді;
  • Ашаларға орнатылған бейнекамерамен бақылау жүйесі опциясы паллеталармен жоғары биіктікте жұмыс істеуді жеңілдетеді;
  • Transitional Lift Control (TLC) жүйесінің болуы жүкті максималды биіктікке бірқалыпты көтеруге немесе түсіруге мүмкіндік береді.

Стандарт комплектацияда қосымша жабдықты: компьютер, сканер, пернетақта және т.б. орнату мүмкіндігі қарастырылған. Мұндай жабдықтар шолуға әсер етпейді. Шассидің әртүрлі ені мен ұзындығын таңдау әр нақты қолдану орны үшін қаттауыштың қажетті конфигурациясын белгілеуге мүмкіндік береді.