Тартқыштар

Жүктерді көлденеңінен тасымалдау және ұзақ жылжыту жағдайында тартқыштар бірегей шешім қызметін атқарады. Бұл техника оператордың паллетаға салынған немесе салынбаған жүктермен жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Тойота тартқыштары айнымалы тоқ электр қозғалтқыштарымен және іштен жану қозғалтқыштарымен жабдықталған, олардың отырған күйі және тұрған күйі басқарылатын модельдері ұсынылған. 
Тойота тартқыштарының модельдік қатары жүкті жылжыту қашықтықтарына, тарту күшіне және жүктерді өңдеу қарқындылығына қатысты әртүрлі қажеттіліктерді қанағаттандырады. Модельдердің барлығы асқан қауіпсіздікпен үйлесімділікте тиімді жұмысты қамтамасыз ететіндей құрастырылған.


Тұрған күйі басқарылатын

Барлық модельдер салмағы 4 тоннаға дейінгі жүктерді тиімді әрі жеңіл өңдеу үшін құрастырылған.

  • Тарту күші 4 тоннаға дейін
  • Айнымалы тоқ жүйесі

Отырған күйі басқарылатын

Айнымалы тоқ қозғалтқышымен және іштен жану қозғалтқышымен жабдықталған модельдер бар, олар тоннасы жоғары жүктерді жылжытуға қабілетті.

  • Тарту күші 49 тоннаға дейін
  • Автомобильге ұқсас басқарылады