Компания туралы

Компания туралы

   HINO MOTORS KAZAKHSTAN компаниясы Toyota және BT мамандандырылған қойма техникасының кең таңдауын, соның ішінде ашалы тиегіштер, электр тиегіштер, қаттауыштар, гидравликалық және электр арбалар ұсынатын Қазақстан нарығындағы көшбасшы компания. HINO MOTORS KAZAKHSTAN компаниясы Toyota Industries Corporation (Нагойя, Жапония) компаниясының, сондай-ақ BT International (Швеция) қойма техникасы шығару зауытының ресми дистрибьюторы болып табылады. 
   TOYOTA компаниясының мамандандырылған қойма техникасын Қазақстан нарығына жеткізу тарихы Тойота Центр Жетісу автосалоны жанындағы Индустриялық жабдықтар департаменті құрылғаннан кейін 2002 жылдың шілдесінен бастау алды. 2008 жылы Toyota Tsusho Corporation тобының тікелей қатысуымен HINO MOTORS KAZAKHSTAN компаниясы құрылып, тіркелді. 5 жылдық қызмет барысында компания Қазақстан нарығындағы жоғары сапалы мамандандырылған қойма техникасын жеткізуші танымал компаниялардың біріне айналып, клиенттердің құрметі мен сеніміне ие болды.
   Біздің компания қызметінің негізгі бағыттары – Тойота ашалы тиегіштері мен ВТ қойма жабдықтарын сату, оларға сервистік қызмет көрсету және қосалқы бөлшектер мен шиналарды, аккумуляторларды жеткізу. Біздің компанияның мамандары сізге техниканың қажетті моделін таңдауға, оны қолдану кезінде туындауы мүмкін барлық мәселелерді шешуге көмектеседі. Біздің мамандар барлық модельдер бойынша оқытудан өтеді, жапондық құрастырушылармен бірге семинарларға және кездесулерге қатысады, мамандардың кәсіби деңгейі жоғары. 

TOYOTA – әлемдегі №1 ашалы тиегіштер! 


  Біздің міндетіміз – Toyota компаниясы мен өзге жапондық өндірушілердің сенімді әрі қауіпсіз өнімдерін қамтамасыз ету арқылы көтергіш-көлік және құрылыс жабдықтарын пайдаланушылардың қажеттіліктерін максималды қанағаттандыру және жабдықтарды сатқаннан кейін оларға жоғары сапалы қызмет көрсету. Біз Сізді қуанышпен TOYOTA жанұясына қосылуға, ал егер сіз біздің техниканы бұрыннан бері қолданатын болсаңыз, Toyota ұсынатын жоғары сапалы әрі жетілген сервистік қызметтің барлық артықшылықтарын сезінуге шақырамыз.
   Біз Сізге жапондық техниканы жеткізу, сондай-ақ сатудан кейінгі сапалы қызмет көрсетуді ұйымдастыру саласындағы біздің тәжірибе мен мүмкіндіктерімізді пайдалануды ұсынамыз:
  • Қоймадағы және тапсырыс берілген жабдықтарды сату;
  • Бүкіл техниканы 3 айға дейінгі мерзімге бөліп төлеу әдісімен сатып алу;
  • Trade-in қызметі және тиегіштерді лизингке сатып алу;
  • Бүкіл Қазақстан бойынша жабдықтарға мамандандырылған сервистік қызмет көрсету;
  • Түпнұсқа қосалқы бөлшектер қоймасы;
  • Клиент аумағында жөндеу жұмыстарын жүргізуге маманданған 5 көшпелі сервистік шеберхана;
  • Қазақстан бойынша дилерлер. 

TOYOTA тиегіштері мен Жапонияда жасап шығарылған құрылыс техникасы ТМД кәсіпорындарында лайықты жоғары беделге ие!

Бүгінгі күннің өзінде Қазақстанда индустриялық жабдықтарды қолданатын келесідей клиенттеріміз бар:

АО «Alina group», АО “КазЦинк”, АО “ШевронМунайГаз”, Efes Kazakhstan, ТОО «Carlsberg Kazakhstan», Национальный Банк РК, АО “КеденТрансСервис”, АО “Казахстан Кагазы”, ТОО СП “Кока-Кола Алматы Боттлерс”, АО «PRG Bottlers» және басқалары.