Toyota философиясы
Toyota компаниясының сәттілігі және оның беделі көбінесе ол өндіретін өнімдердің жоғары сапасымен түсіндіріледі. Әлемнің көптеген тұтынушылары Тойота автомобильдері мен техникасының жоғары сапасына сенуге болатынын біледі. Компанияның толағай жетістіктері компанияның операциялық тиімділігіне емес, іргетасын адамдар мен олардың ынтасын түсіну факторлары құрайтын бизнесті жүргізу философиясына негізделеді. Жеткізушілермен қарым-қатынас орнату және оқыту кезеңіндегі ұйымның қызмет етуін қамтамасыз ету арқылы Toyota көшбасшылықты, командалардың жұмысы мен бизнес мәдениетін тынбастан нығайтуда.
    Тойота компаниясының сәттілігін зерттеуге 20 жылын арнаған Джеффери Лайкер Toyota өндірістік жүйесінің (TPS) негізі саналатын 14 қағиданы құрастырды. Олар Toyota компаниясының бүкіл әлем бойынша таралған өндірістік кәсіпорындарында қолданылады. Төменде төрт санатқа топтастырылған 14 қағида баяндалған*:
I санат: Алыс перспектива философиясы 
1-қағида. Қысқа мерзімді қаржылай мақсаттарға зиян келтіретін болса да, басқару шешімдерін алыс болашақты ескере отырып қабылда.
II санат. Процестің дұрыстығы оң нәтижелерге қол жеткізеді 
2-қағида. Үздіксіз ағын түріндегі процесс келелі мәселелердің анықталуына жағдай жасайды.
3-қағида. Қайта өндіруді болдырмау үшін, теңестіру жүйесін қолдан.
4-қағида. Жұмыстар көлемін біркелкі бөл (хейдзунка): қоян емес, тасбақа сияқты жұмыс істе.
5-қағида. Сапаны реттеу мақсатында талап етілген болса, өндірістік мәдениет мәселелерін шешу үшін өндірісте кідіріс жаса.
6-қағида. Стандарт тапсырмалар — үздіксіз жетілу және қызметкерлерге өкілеттіктерді тапсыру негізі.
7-қағида. Бірде бір мәселе ескерусіз қалмауы үшін, көзбе-көз бақылау әдісін қолдан.
8-қағида. Тек сенімді, сыналған технологияны ғана қолдан.
III санат. Өзіңнің қызметкерлерің мен серіктестеріңді дамыту арқылы ұйымның құндылығын арттыр
9-қағида. Өз ісін бүге-шүгесіне дейін білетін, компанияның философиясын ұстанатын әрі осыған өзгелерді баули алатын көшбасшыларды тәрбиеле.
10-қағида. Бірегей адамдарды тәрбиеле және компания философиясын ұстанатын команда құр. 
11-қағида. Өзіңнің серіктестерің мен жеткізушілеріңді сыйла, олардың алдына күрделі тапсырмалар қой және олардың жетілуіне көмектес
IV санат. Іргелі мәселелерді тұрақты шешу үздіксіз оқуға ынталандырады
12-қағида. Мәселенің анық-қанығын білу үшін, барлығын өз көзіңмен көру керек (генти генбуцу).
13-қағида. Шешімді асықпай, барлық мүмкін болатын нұсқаларды таразыға салып, бәтуа негізінде қабылда; оны енгізу кезінде баяулық танытпа (немаваси).
14-қағида. Талмай өзіңді-өзің талдау (хансей) және үздіксіз жетілу (кайдзен) есебінен үнемі оқу үстіндегі құрылымға айнал.

*«ДАО TOYOTA әлемнің жетекші компаниясы менеджментінің 14 қағидасы» 6-басылым  
авторы: Джеффри Лайкер 


Біз ұсынамыз

Жүк көтергіштігі (газ/бензин)
Жүк көтергіштігі (дизель)

Ашалы тиегіштер (дизель/газ/бензин)

Қоймаларда және өзге орындарда тиеп-түсіру әрекеттерін орындау кезінде таптырмас құрал.

Электр тиегіштер

Жабық қоймаларда, тамақ, фармацевтика және өзге өнеркәсіп салаларына маманданған кәсіпорындарда тиеп-түсіру әрекеттерін жүзеге асыру кезінде қолданылады.

Гидравликалық арбалар

Дүкендердегі, қоймалардағы, қосалқы жайлар мен өзге үй-жайлардағы жүктерді жылжыту үшін қолданылады.

Электр арбалар

Жүкті өңдеу жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді, оператордың жұмысын жеңілдетеді.

Қаттауыштар (электр)

Көтеру биіктігі 6,3 метрге дейін жететін электр қаттауыштар қоймадағы әртүрлі операцияларды орындау үшін қолданылады.

Тапсырыстарды толымдау техникасы

Тапсырыстарды толымдау процесін жетілдіруге арналған.

Ричтрак

Қоймадағы жұмыстарды оңтайландыруға арналған.

Тар өтпелерге арналған қаттауыштар

Жүкті 14 метрге дейін көтеруге болатын өте тар жұмыс дәліздерінде жинастыру әрекеттерін орындау үшін қолданылады.

Тартқыштар

Жүктерді көлденеңінен тасымалдау үшін қолданылады.

Еден жуу машиналары

Танымал итальян өндірушілері ұсынған бедері әртүрлі едендерді тазартуға арналған кәсіби тазалау техникасы.