Toyota тиегіштерінің тарихы
Тойота компаниясының бірінші тиегіші 1939 жылы Жапонияда шығарылған, дегенмен екінші дүниежүзілік соғыс басталғаннан кейін көтергіш-көлік техникасы өндірісі уақытша тоқтатылады. Басқыншылық кезеңінде 3 тонналық ашалы тиегіштер кемелердегі тиеп-түсіру жұмыстарына қолданылды, бұл аталған техниканың сапасын бағалап, оған деген сұранысты бағамдауға мүмкіндік берді, осыған байланысты инженерлер мұндай техниканың жасап шығарылуын қайта алға қою туралы шешім қабылдады. 50 жылдардың басында Жапония үкіметі Toyota Motor компаниясына қаржылай қолдау көрсетіп, тиегіштерді жасап шығару қайта жалғасын тапты.
1959 жылы Тойота компаниясы өндірістік қуаты айына 150 бірлік техниканы құрайтын тиегіштерді жасап шығаруға маманданған жаңа зауытты іске қосады. Осы жылы тиегішті алғаш рет шетелге (Тайланд) сату басталады да, бұл келесіде халықаралық нарықтағы экспорттық операциялардың басталуына оң әсерін тигізеді.  
1965 жылы Тойота компаниясына 188 тиегіш түріндегі тұңғыш ең ірі экспорттық тапсырыс келіп түседі. Клиент – 23 жеткізушінің арасынан Тойота тиегіштерін таңдаған Сингапур порты. Тап осы техниканы жеткізу процесі кейіннен компанияның ең ірі нарыққа – АҚШ нарығына шығуына жағдай жасайды. 
1970 жылы Такахамада Тойота тиегіштерін жасап шығаруға маманданған жаңа зауыт ашылды. Қазіргі таңда Такахама зауыты көтергіш-көлік жабдықтарын өндіруге машықтанған әлемдегі ең ірі кәсіпорындардың бірі саналады. 
1975 жылы бірқатар елдердің қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендетуге бағытталған күш-жігері Тойота компаниясында айнымалы тоқпен жұмыс істейтін электр қозғалтқыштармен жабдықталған электр тиегіштер мен өзге қойма жабдықтарының жаңа модельдерінің шығарылуына жол ашты. 
1986 жылы Тойота компаниясы экспорттаған көтергіш-көлік техникасының саны 200 000 бірліктен артық шаманы құрады.  
1987 жылы көтергіш-көлік техникасын жасап шығарушылар арасында бәсекенің күшеюіне жауап ретінде Тойота компаниясы Жапония шегінен тыс жаңа зауыттардың құрылысын бастады. 90 жылдардың ортасында Тойота Францияда және АҚШ-та өзінің екі өндірістік кәсіпорнын ашады. 
1994 жылы Тойота әлемдік нарыққа 6FG/FD аз тонналы тиегіштерінің жаңа сериясын таныстырды. Алдыңғы модельдердің техникалық спецификацияларын қолдана отырып, бұл тиегіштердің оператор үшін ыңғайлылығы мен жайлылығы арттырылды. 90 жылдардың соңында Тойота жаңа технологияларды енгізу жұмыстарына қайта кірісті. 
1999 жылы Тойота нарыққа тиегіштердің 7 сериясын ұсынды. Бұл тиегіштерді құрастыру кезінде қауіпсіздік мәселелеріне үлкен назар аударылды. Автотиегіштердің орнықтылығы саласындағы жаңа стандарттарды енгізу арқылы Тойота қайтадан нарық көшбасшысына айналды. 
2000 жылы ВТ Industries компаниясын (Швеция) Toyota Industries Corporation тобы сатып алып, оның негізгі еуропалық өндірушісі әрі өкілі атанды. Өзі қызмет еткен жылдары ВТ компаниясы қойма жабдықтарын жасау ісінің пионері болғандықтан, Toyota өндірушінің атауын өзгерткен жоқ.
2006 жылы бірінші ашалы тиегіштің шығарылуының 50 жылдық мерейтойы қарсаңында Тойота компаниясы нарыққа ашалы тиегіштердің 8-сериясын ұсынды. Тиегіштердің аталған жаңа сериясы оның барлық үздік қасиеттерін жетілдіріп, 7-серияның орнына келді. 8-серияда құралдың қауіпсіздігін арттырып, жоғары өнімділікті қамтамасыз ететін Белсенді тұрақтандыру жүйесі және Оператордың болуын анықтау жүйесі іспетті жаңа технологиялар енгізілді.
    Бүгінде Тойота көтергіш-көлік техникасының әлемдік нарығында даусыз көшбасшы болып табылады. Бұған қоса, Тойота өндіріс көлеміне қол жеткізу жөнінен көшбасшы орынды алады – Тойота компаниясының бірінші тиегіші 1939 жылы, екі жүз мыңыншы тиегіші 1986 жылы, миллионыншы тиегіші 1998 жылы жасап шығарылды. 

Тойота тиегіштері жаңа буын технологияларын бойына сіңірген және клиенттердің қалауына сай келетін жоғары технологиялы жабдықтармен жарақтандырылған, өйткені компания «Тапсырыс берушінің пікірі басым» қағидасын ұстанады!

Біз ұсынамыз

Жүк көтергіштігі (газ/бензин)
Жүк көтергіштігі (дизель)

Ашалы тиегіштер (дизель/газ/бензин)

Қоймаларда және өзге орындарда тиеп-түсіру әрекеттерін орындау кезінде таптырмас құрал.

Электр тиегіштер

Жабық қоймаларда, тамақ, фармацевтика және өзге өнеркәсіп салаларына маманданған кәсіпорындарда тиеп-түсіру әрекеттерін жүзеге асыру кезінде қолданылады.

Гидравликалық арбалар

Дүкендердегі, қоймалардағы, қосалқы жайлар мен өзге үй-жайлардағы жүктерді жылжыту үшін қолданылады.

Электр арбалар

Жүкті өңдеу жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді, оператордың жұмысын жеңілдетеді.

Қаттауыштар (электр)

Көтеру биіктігі 6,3 метрге дейін жететін электр қаттауыштар қоймадағы әртүрлі операцияларды орындау үшін қолданылады.

Тапсырыстарды толымдау техникасы

Тапсырыстарды толымдау процесін жетілдіруге арналған.

Ричтрак

Қоймадағы жұмыстарды оңтайландыруға арналған.

Тар өтпелерге арналған қаттауыштар

Жүкті 14 метрге дейін көтеруге болатын өте тар жұмыс дәліздерінде жинастыру әрекеттерін орындау үшін қолданылады.

Тартқыштар

Жүктерді көлденеңінен тасымалдау үшін қолданылады.

Еден жуу машиналары

Танымал итальян өндірушілері ұсынған бедері әртүрлі едендерді тазартуға арналған кәсіби тазалау техникасы.