Біздің артықшылықтарымыз
TOYOTA атауы біздің клиенттер арасында өте танымал – соңғы 30 жылда ТМД елдеріне 15000 бірліктен астам техника жеткізілді. Біз Сізді қуанышпен TOYOTA жанұясына қосылуға, ал егер сіз біздің техниканы бұрыннан бері қолданатын болсаңыз, Toyota ұсынатын жоғары сапалы әрі жетілген сервистік қызметтің барлық артықшылықтарын сезінуге шақырамыз. Тойота тиегіштерінің өз бәсекелестерінен басты ерекшелігі – бұл жоғары сапаның, сенімділіктің, ыңғайлылықтың, төзімділік пен кейіннен көрсетілетін техникалық қызметтің қамтамасыз етілуі. Toyota көтергіш-көлік жабдықтарының 2001 жылдан бері тұрақты көшбасшылық етіп келе жатқандығын DHF, Logistik Journal and Modern Materials Handling сияқты басылымдар растауда.
HINO MOTORS KAZAKHSTAN компаниясы – Toyota Industries Corporation (Нагойя, Жапония) және BT International (Швеция) топтарының Қазақстан мен Орталық Азиядағы ресми дилері. Toyota барлық өнімдері Жапонияда, BT International барлық өнімдері Швецияда бүкіл әлем бойынша қабылданған сапа стандарттары негізінде жасап шығарылады. 2000 жылы ВТ Industries компаниясын (Швеция) Toyota Industries Corporation сатып алып, оның негізгі еуропалық өндірушісі әрі өкілі болғандығын айта кету керек. Өзі қызмет еткен жылдары ВТ компаниясы қойма жабдықтарын жасау ісінің пионері болғандықтан, Toyota өндірушінің атауын өзгерткен жоқ. 
Біздің компанияның мамандары Сізге қойманың комплектациясы және тиегіштерді қолдану жөніндегі дайын шешімдерді ұсынады. Арбалардан тиегіштерге дейінгі өнімдердің кең сұрыпталымы құралды қолданудың әртүрлі мақсаттары мен жағдайлары үшін тиімді техниканы таңдауға мүмкіндік береді.
Біз қоймаларға қатысты кешенді шешімдерді – Toyota өнеркәсіптік жабдықтары мен BT International қойма техникасының кең қатарын ұсынамыз.
  • Дизельді, газ-бензинді тиегіштер 
  • Электр тиегіштер 
  • Гидравликалық және электр арбалар 
  • Электр қаттауыштар, жылжымалы мачталы қаттауыштар, тар өтпелерге арналған қаттауыштар 
Toyota тиегіштерінің танымалдығы мен әлемде танылуы техниканың барлық қолдану жағдайында қауіпсіздікті қамтамасыз ететіндігіне, төзімділігі мен сенімділігіне негізделеді. Бүкіл артықшылықтармен қатар, құралдарға иелік етудің жиынтық құны Toyota тиегіштерін көтергіш-көлік жабдықтары нарығындағы мінсіз шешім қылады.
Toyota сауда таңбасындағы көтергіш-көлік жабдығы Жапониядағы Такахама зауытында шығарылып, ISO9001, ISO14001 стандарттары бойынша сертификатталған. ВТ барлық өнімі қойма жабдықтарын жасап шығару бойынша әлемдегі ең ірі зауыттардың бірі саналатын Швециядағы Мьёлби зауытында өндіріледі. 
HINO MOTORS KAZAKHSTAN компаниясымен ынтымақтасудың артықшылықтары:
  • Алматыда тиегіштер қоймасының болуы
  • Toyota стандарттары бойынша сервистік және кепілді қызметтер ұсыну
  • Қазақстанның кез келген ауданына түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен шығыс материалдарды жеткізу
  • Кез келген қажеттілікті қанағаттандыруға арналған Toyota қойма техникасының кең сұрыпталымы
  • Бүкіл әлем бойынша танылған техниканың жоғары сапасы
  • Тиегіштер мен қаттауыштарға арналған аспалы жабдықтар
  • Атырау, Астана, Павлодар, Қарағанды, Өскемен, Өзбекстан және Қырғызстандағы дилерлер желісі
  • Техникаға ақы төлеудің тиімді шарттары – бөліп төлеу, лизинг.  
Біздің клиенттердің қатарына ену арқылы Сіз Toyota және BT сауда таңбасындағы көтергіш-көлік жабдықтарының барлық артықшылықтарына лайықты баға бере аласыз!