Тиегіштерді жалдау
Техниканы жалдау

Негізгі қызметі маусымның белгілі бір кезеңінде жүзеге асатын кәсіпорындар үшін, инвестицияларды негізгі қызметке сақтаудың сәтті шешімі тиегішті жалдау болып есептеледі.

Тиегішті жалдаудың бірқатар артықшылықтары бар:
  • Біріншіден, көп қаражат жұмсамастан, Сізге қолданылатын техникалар паркін кеңейтуге мүмкіндік береді;
  • Екіншіден, Сіз кәсіпқойларға сеніп тапсыруға болатын мәселелерге алаңдамастан, өзіңіздің өндірістік тапсырмаларыңызды шеше аласыз; 
  • Үшіншіден, тиегішке қызмет көрсету және оларды жөндеу жұмыстарына қосымша ақы төлеу қажет емес болғандықтан, тиегіштерге кететін шығынды нақты жоспарлау мүмкіндігі.
TTTCA компаниясы Сізге Toyota тиегіштерін жалдаудың ең тиімді шарттарын ұсынады. Сонымен қатар, Техниканың бүкіл қолданылу мерзімі ішінде жұмысқа қабілеттілігін сақтауына және жабдықтарға сервистік қолдау көрсететіндігіне кепілдік береді. Toyota мен BT өнімдерінің жоғары сапасы және 100 жылдан астам уақытты қамтитын ортақ тәжірибе, тиегішті жалдау мерзіміне қарамастан, өнімнің сенімділігін, жоғары сапасын кепілдендіреді.

Қойма техникасын жалдау ұсынысы




Тиегіштерді жалдау туралы толығырақ білу үшін, +7 (727) 313-13-15, 381-50-50 телефон арқылы хабарласыңыз немесе e-mail арқылы хат жолдаңыз: sales@toyota-fl.kz