Жүк көтергіштігі 1-ден 3,5 тоннаға дейін жететін 4 тіреулі Toyota 8FB электр тиегіштері айнымалы тоқтың барлық артықшылықтарын қолданады. Бұл Тойота корпорациясының қауіпсіздік, өнімділік, сенімділік, жайлылық және қоршаған ортаны қорғау тұрғысынан жоғары техникалық сипаттарға ие тұңғыш электр тиегіші.
Тойота электр тиегіштері жабық үй-жайларда тамақ өнімдерімен, сусындармен жұмыс істеу кезінде өздерін ең жақсы жағынан көрсете білді. Шағын корпус пен кішігірім бұрылу радиусы тіпті тар өтпелердің өзінде тиеп-түсіру жұмыстарын орындауға мүмкіндік береді. Toyota 8FB электр тиегіштері шығаратын шу деңгейінің төмендігі қызмет көрсетуші персоналдың жұмыс істеп тұрған тиегіштің жанында ұзақ уақыт болуына жағдай жасайды. Электр тиегіштердің қорек көзін алмастыру және оларға жалпы сервистік қызмет көрсету аз уақытты талап ететіндігін ескеру керек.
1
Ашалардың стандарт көтерілу биіктігі – 3000 мм. Сондай-ақ көтеру биіктігі 3000-нан 6000 мм дейін жететін мачталармен жабдықталған комплектациясы қарастырылған. Ауырлық ортасы – 500 мм.