Trade in
HINO MOTORS KAZAKHSTAN компаниясы бұрын жүрілген тиегіштерді сатып алу және сатудың ең тиімді шарттарын ұсынады.

Trade-in бағдарламасы Сіздің иелігіңіздегі ұсталған Toyota тиегішін қосымша ақы төлеу арқылы жаңасына оңай әрі жылдам ауыстыруға мүмкіндік береді. Біз Сіздің тиегішіңізді бағалап, тиегіштің техникалық күйі, жүрілген жолы мен шыққан жылы негізінде анықталатын құнын келісеміз. Келісімге келгеннен кейін біз бірден шарт жасасамыз да, қосымша ақы төлегеннен кейін Сізге жаңа Toyota тиегіші беріледі.

Trade-in бағдарламасын қолдану кезінде Сіз бірден бірнеше артықшылыққа қол жеткізесіз:
  • тиегіштер паркін жаңалау;
  • өзіңіздің ескі паркіңізді, оның күйіне қарамастан, төлем құралы ретінде қолдану; 
  • ақшалай қаражаттарды үнемдеу;
  • жаңа тиегіштерді қолдану тиімділігін арттыру және эксплуатациялық шығындарды кеміту арқылы өндіріс қарқынын үдету.
Байқағанымыздай, Trade in – бұл жаңа тиегішті сатып алудың ыңғайлы әрі ілгерінді түрі.

Trade in бағдарламасы жайлы +7 (727) 313-13-15, 381-50-50 телефондарынан немесе e-mail көмегімен білуіңізге болады: sales@toyota-fl.kz


Біз ұсынамыз

Жүк көтергіштігі (газ/бензин)
Жүк көтергіштігі (дизель)

Ашалы тиегіштер (дизель/газ/бензин)

Қоймаларда және өзге орындарда тиеп-түсіру әрекеттерін орындау кезінде таптырмас құрал.

Электр тиегіштер

Жабық қоймаларда, тамақ, фармацевтика және өзге өнеркәсіп салаларына маманданған кәсіпорындарда тиеп-түсіру әрекеттерін жүзеге асыру кезінде қолданылады.

Гидравликалық арбалар

Дүкендердегі, қоймалардағы, қосалқы жайлар мен өзге үй-жайлардағы жүктерді жылжыту үшін қолданылады.

Электр арбалар

Жүкті өңдеу жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді, оператордың жұмысын жеңілдетеді.

Қаттауыштар (электр)

Көтеру биіктігі 6,3 метрге дейін жететін электр қаттауыштар қоймадағы әртүрлі операцияларды орындау үшін қолданылады.

Тапсырыстарды толымдау техникасы

Тапсырыстарды толымдау процесін жетілдіруге арналған.

Ричтрак

Қоймадағы жұмыстарды оңтайландыруға арналған.

Тар өтпелерге арналған қаттауыштар

Жүкті 14 метрге дейін көтеруге болатын өте тар жұмыс дәліздерінде жинастыру әрекеттерін орындау үшін қолданылады.

Тартқыштар

Жүктерді көлденеңінен тасымалдау үшін қолданылады.

Еден жуу машиналары

Танымал итальян өндірушілері ұсынған бедері әртүрлі едендерді тазартуға арналған кәсіби тазалау техникасы.