Қол қаттауыш

Гидравликалық арбалар - қол қаттауыш

ВТ қол қаттауыштары жеңіл жүктерді 1,6 м дейінгі көтеру биіктігіне қаттау кезіндегі қарқындылығы төмен жұмыстар үшін таптырмас құрал. Қол қаттауыштар жұмыс кеңістігі шағын үй-жайларда жұмыс істеуге арналған. Төменде көрсетілген ашалары қолмен көтерілетін модельмен салыстырғанда, ашалары электр көмегімен көтерілетін SHL080 моделі қарқынды жұмыстар кезінде қолданылады. 
ВТ қол қаттауыштары сенімді әрі қолайлы қолданылу сипатын қамтамасыз ету үшін арнайы құрастырылған, осыған ұқсас құралдардың арасында олардың қызмет ету циклі ең жоғары, ал қамтамасыз ету шығыны ең төмен саналады. 
  


Спецификациялар

Модель SHM080 SHL080
Жүк көтергіштігі, кг 800 800
Спецификация Қолмен көтеру Электр көмегімен көтеру
Көтеру биіктігі, мм 1600 1600
Ашалардың ұзындығы, мм 1150 1150
Ашалардың ені, мм 540 540
Меншікті салмағы, кг 255-295 295
  Құнын білу Құнын білу

ВТ қол қаттауыштарының ерекшеліктері: 
●   Жақсы шолуға мүмкіндік беретін мачта жүкті көтеру және түсіру кезінде тамаша көріну сипатын қамтамасыз етеді.
●   Басқарылатын дөңгелектер мен тұрақ тежегішінде орналасқан қорғаныс құрылғысы қаттауыштың оператордың аяғын басып кетуін болдырмай, жұмыстың қауіпсіздігін арттырады. 
●   Күшейтілген ашалар ауыр жүктердің әсерінен олардың иілуін мейлінше төмендетеді.
●   Ministacker жүкті ұстап тұратын кеңінен ашылған тіреулермен жабдықталған, бұл әртүрлі паллеталарды өңдеуге мүмкіндік береді.
●   Кең тіреулер енін өзгертуге болатын ашалармен бірге жеткізілуі мүмкін.
Қолмен көтерілетін SHM080 моделі 
●   Quicklift (жылдам көтеру) функциясы 200 кг аспайтын жүктермен қалыпты жұмыс істеу кезінде қолданылатын функция.
Электр көмегімен көтерілетін SHL080 моделі
● Механикалық клапан ашаларды бірқалыпты әрі басқарылмалы түсіруге мүмкіндік береді.


Клиенттің қалауы бойынша төменде көрсетілген опциялар қарастырылуы мүмкін:
•   Салмағы 200 кг дейінгі өнімдермен жұмыс істеу үшін жүктерді жедел көтеруге мүмкіндік беретін арнайы домкрат (тек SHM080 моделі үшін) 
•   Шасси типі мен ашалар арасындағы қашықтықты таңдау мүмкіндігі