Төменгі деңгей

Тапсырыстарды толымдау техникасы - төменгі деңгей

Төменгі деңгейге арналған ВТ Optio тапсырыстарды толымдау техникасы (L сериялы) қарқындылығы төмен жұмыстарға арнап құрастырылған, тауарлардың әр типі үшін әртүрлі пішінде жасалған бірінші, сондай-ақ екінші деңгейлі жүктерді өңдеуге жарамды. Көтергіш ашалар, оператордың көтерілмелі платформасы және реттелмелі басқару панелі, сондай-ақ ұзын ашалар сияқты функциялар төменгі деңгей модельдік қатары үшін стандарт функциялар саналады.  
Бұл серияда жүк көтергіштігі, тапсырысты іріктеу жұмыстарын атқару орнының биіктігі және ашаларының ұзындығы бойынша ерекшеленетін тоғыз модель ұсынылған. Модельдердің барлығында жүкпен жұмыс істеу кезінде асқан өнімділік пен тиімділікті қамтамасыз ететін BT Powerdrive функциясы қарастырылған.


Спецификациялар

Модель Жүк көтергіштігі, кг Көтеру биіктігі, м Қолмен іріктеу кезінде жұмыс орнының максималды биіктігі, м  
OSE120/OSE120P 1200 0.8 2.6 Құнын білу
OSE180XP 1800 0.8 2.6 Құнын білу
OSE200X 2000 0.8 2.6 Құнын білу
OSE250/250P 2500 0.24 2.6 Құнын білу
OSE100 1000 1.88 2.8 Құнын білу
OSE100W 1000 1.10 2.8 Құнын білу
OSE120CB 1200 4.15 1.75 Құнын білу
1

Максималды жылдамдығы 6 км/сағ дейін

OSE100/OSE100W модельдерінің ерекшеліктері
  • OSE100W моделінде жұмыс себетіне ену мүмкіндігі қарастырылған, бұл оператордың өлшемі кіші ауыр жүктермен жұмыс істеуін жеңілдетеді;
  • OSE100 моделінде тұғырықтарды тиеп-түсіру кезінде ыңғайлылықты қамтамасыз ететін ашаларды еркін көтеру функциясы қарастырылған;
  • 1200 м дейінгі биіктікте шағын жүктерді қарқынды жинастыру жұмыстарына қолданылады;
  • Ашалардың платформамен бірге жылжу функциясы қарастырылған;
  • Автомат тежеу және жылдамдықты түсіру функциясының болуы;
  • E-Man басқару жүйесі;
  • Ашалардың ұзындығы 1150 мм дейін жетеді.
OSE120/OSE120P/OSE200X/OSE180XP/OSE250/OSE250P модельдерінің ерекшеліктері
  • Көтергіш ашалар, оператордың көтерілмелі платформасы және реттелмелі басқару панелі, сондай-ақ ұзын ашалар берілген модельдердің стандарт сипаттамалары болып табылады; 
  • Қозғалу жылдамдығы жоғары;
  • Жұмыс уақытын кемітіп, берілген техниканың басқарылуын жақсартуға мүмкіндік беретін жылдам қосу/өшіру функциясы;
  • Екінші деңгейлі тапсырыстарды толымдау үшін OSE120Р,  OSE180XР, OSE250Р модельдері ұсынылады. Платформаның қосымша көтеру биіктігі OSE180XР моделінде - 980 мм дейін, OSE250Р және OSE120Р модельдерінде - 2600 мм дейін жетеді;
  • 2900 мм дейін көтеру биіктігінде күрделі әрі қарқынды операцияларды орындау үшін OSE250/ OSE250P модельдері қолданылады;  
  • OSE200X моделі үшін қос паллетаны өңдеуге немесе 4 контейнерге дейін көтеруге арналған ұзартылған ашалар жиынтығы қарастырылуы мүмкін; 
  • Автомат тежеу және жылдамдықты түсіру функциясының болуы;
  • Жоғары жұмыс өнімділігін қамтамасыз ету үшін қауіпсіздік пен маневрлікті арттыратын E-Man басқару жүйесінің болуы;  
  • Ашалардың ұзындығы 3375 мм дейін жетеді. 
OSE120CB модельдерінің ерекшеліктері
  • Бұл модельді жинастыру жұмыстары үшін қарсы салмақты тиегіш ретінде, сондай-ақ әдеттегі комплектацияда қолдануға болады;
  • Жабық типті тұғырықтармен жұмыс істеу мүмкіндігі;
  • Қуат үнемдеуші AC power жүйесі;
  • 4150 мм дейін көтеру биіктігінде қарқынды жинастыру жұмыстарын орындау мүмкіндігі;
  • Тапсырысты қолмен іріктеу кезінде жүктерді 4,15 м дейінгі биіктікке көтеруге болады;
  • E-Man басқару жүйесі;
  • Ашалардың ұзындығы 1200 мм дейін жетеді.