Қолмен басқарылатын

Еден жуу машиналары - қолмен басқарылатын

Fiorentini және TSM компаниялары жасап шығаратын қолмен басқарылатын еден жуу машиналары өте пайдалы, ыңғайлы әрі сенімді. Шағын дизайнды мұндай машиналар едендерді жуу бойынша алға қойылған тапсырмаларды керемет орындайды. Тазалау кезінде щёткаларға үнемі қысым түсіріледі, бұл бетті тазалаудың ең жақсы әрі бірқалыпты нәтижесін кепілдендіреді. Щёткалар жылдам әрі жеңіл орнатылады, суға арналған сүзгінің өлшемі үлкен, бакты толтыру оңай, ағызу шлангы судың ағуын оңай бақылауға мүмкіндік береді. Машинаның аталған сипаттамалары және оның компоненттеріне еркін қатынау мүмкіндігі техникаға күн сайынғы қызмет көрсету үшін артықшылық болып табылады. 
Төменде ең жиі сұралатын модельдерге қатысты деректер келтірілген. Қажеттілік жағдайында, біздің мамандар Сіздің атқаратын жұмысыңыздың ерекшеліктерін ескере отырып, Сіздің талаптарыңыз бойынша тиісті машинаны таңдауға көмектеседі.



 

Спецификациялар

Модель Ауданы бойынша өнімділігі, текше м/сағ Таза суға арналған бак көлемі, л Жұмыс кезінде желіден немесе батареядан қоректенуі  
Fiorentini Delux 55 BR 2100 45/50 Аккумулятор батареясы Құнын білу
Fiorentini ICM 32/N 3500 130/135 Аккумулятор батареясы Құнын білу
Fiorentini Giampy 20E 2000 50 желіден қоректену Құнын білу
Grande brio 50B/50Е (TSM) 1800 37 желіден қоректену Құнын білу
1

Fiorentini машиналары:
  • Әдемі заманауи дизайнымен ерекшеленеді;
  • Асқан маневрлі;
  • Қарапайым түрде қолданылады;
  • Fiorentini Giampy 20E моделіне арналған желі кабелінің тиімді ұзындығы – 20 м. Кабельдің ұзындығын едәуір арттыру машинаның жұмыс істеуі кезінде артық күштің түсуіне әкеп соқтырып, қозғалтқыштардың уақытынан бұрын істен шығуына себепші болуы мүмкін екендігін білу өте маңызды.
Grande brio 50B/50E (TSM) модельдері:
  • Батареяның сыйымдылығы мен үлкен бак жұмыстың автономдылығын қамтамасыз етеді;
  • Тазалау кезінде щёткаға 35 кг түріндегі тұрақты қысым түсіріледі, бұл беттің мінсіз әрі бірқалыпты тазалануына кепілдік береді; 
  • Қарапайым түрде қолданылады, асқан тиімді әрі толықтай сенімді; 
  • GRANDE BRIO 50 құралы күрделі электроникасыз, толықтай механикаландырылған;
  • Жиылмалы тұтқа, ірі дөңгелектер мен қосымша үшінші дөңгелек тасымалдау және қозғалу жеңілдігін қамтамасыз етеді;
  • Параболалы арқалық (75 см) жан-жақты тазалау және кептіруге мүмкіндік береді;
  • Щёткалар жылдам әрі жеңіл, құрал-саймандарсыз орнатылады; 
  • Жеңіл қатынауға болатын, болат корпусты мықтап бекітілген бактар мейлінше жылдам әрі оңай қызмет көрсетуді қамтамасыз етіп, машинаның ұзақ қолданылуына кепілдік береді.




Fiorentini машиналарының стандарт жеткізу жиынтығына кіреді: 
  • Еден жуу машинасы;
  • Қаттылығы орташа нейлон дискілі щётка;
  • Аккумулятор батареялар және зарядтау құрылғысы;
  • Сорғыш арқалық.
TSM машиналарының стандарт жеткізу жиынтығына кіреді:
  • Еден жуу машинасы;
  • Жиылмалы тұтқа;
  • Басқару панелі;
  • Дискілі щёткаға арналған бекіткіштер; 
  • Қаттылығы орташа нейлон дискілі щётка (диаметрі 50 см), 1 дана
  • Сорғыш арқалық, 1 дана 
  • Суды жинауға арналған резеңке сквидж, 2 дана 
  • Ыңғайлы қолданысқа арналған резеңкелі дөңгелектер;
  • Аккумуляторлар  2 дана 
  • Кіріктірілген зарядтау құрылғысы;