Жоғарғы деңгей

Тапсырыстарды толымдау техникасы - жоғарғы деңгей

Өзінің шағын құрастылымына қарамастан, жоғарғы деңгейге арналған ВТ Optio тапсырыстарды толымдау техникасы (Н сериялы) жүктерді 12 метрге дейін жинастыру қызметтерін атқарады. Бұл сериядағы техникалар тар жұмыс дәліздерінде істелетін жұмыстар үшін таптырмас құрал. Берілген техникамен жүктерді бір уақытта көтеріп, жылжытуға болады, бұл жұмысты жылдам әрі тиімді орындауға мүмкіндік береді. 
Техника кең шанақпен жабдықталған, мұнда оператор жеке қолдану параметрлерін тағайындай алады. Пин-кодты енгізу кезінде, машина оны кімнің басқарып отырғанын, кімнің бұған дейін бағдарламаланған параметрлерге сәйкес жұмыс істеп жатқандығын анықтайды.
12 км/сағ түріндегі максималды қозғалу жылдамдығы жүктерді толымдау орындары арасында жылжу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.


Спецификациялар

Модель Жүк көтергіштігі, кг Көтеру биіктігі, м Қолмен іріктеу кезінде жұмыс орнының максималды биіктігі, м  
OME100H 1000 11.1 12.1 Құнын білу
OME120H 1200 10.3 12.1 Құнын білу
1

Максималды жылдамдығы 12 км/сағ дейін

OME100H, OME120HW модельдерінің ерекшеліктері :
  • Қолданылуы: 12000 мм дейінгі биіктікте қарқынды толымдау жұмыстарына арналған (платформаның көтерілу биіктігі 10500 мм);
  • ОМЕ100Н моделі қосымша көтеру құралымен, ал OME120HW моделі жүкке еркін өтуді қамтамасыз ететін көтерілмелі шанақпен жабдықталған;
  • Модельдер жүктерді бір уақытта көтеріп, жылжыта алады;
  • BT Optipace жүйесі тиісті жылдамдықты таңдап, жүкті және оны көтеру биіктігін бақылайды. Бұл ретте, электрондық басқару панелі саусақтардың ұшымен басқару арқылы қосымша дәлдікті қамтамасыз етеді;  
  • Таңдау бойынша екі бағыттың біреуімен қозғалуға болады;
  • Реттелмелі басқару тетіктерінен тұратын оператордың кең әрі жайлы шанағымен жабдықталған;
  • Берік мачта. 

Клиенттің қалауы бойынша төменде көрсетілген және өзге қосымша опциялар қарастырылуы мүмкін:
  • Шасси енін таңдау мүмкіндігі: 1050 мм немесе 1250 мм;
  • Ұзындығы белгіленген немесе реттелмелі ашалар көмегімен қосымша көтеру функциясы.