Тиегіштерге арналған тягалық аккумулятор батареялары мен шиналар

Тиегіштерге арналған тягалық аккумулятор батареялары мен шиналар

HINO MOTORS KAZAKHSTAN компаниясы TOYOTA Industrial Corporation компаниясының әлемдік серіктесі  HOPPECKE (Германия) компаниясының жоғары сапалы аккумулятор батареяларын ұсынады. Біз ұсынатын аккумулятор батареялары электр тиегіштердің, штабельдер мен өзге қойма техникасының электрмен сапалы жабдықталуын қамтамасыз ету мақсатында көпжылдық қолдануға арналған. Белгілі болғандай, тягалық аккумулятор батареялары экологиялық таза әрі шусыз тоқ көзі, ыңғайлы сақталып, қолданылады. Аккумулятор батареялары негізгі екі түрге бөлінеді: гель типті аккумуляторлар және сұйық электролитті аккумуляторлар. Қойма техникасы үшін ең тиімді нұсқа – сұйық электролитті аккумулятор батареяларын қолдану. Аккумуляторлардың аталған түрі қызмет көрсету қарапайымдылығымен ерекшеленеді, қойма техникасын сапалы және тұрақты электрмен жабдықтап, бір зарядпен максималды ұзақ жұмыс режимін қамтамасыз етеді. Сонымен бірге, бұл батареялар негізінен қоймадағы тиеп-түсіру техникасының жұмысына тән қарқынды қолдану жағдайларына бейімделген. 

Аккумуляторлар батареяларының біз ұсынған таңбалары әлемдік стандарттарға сәйкес келетін құрауыштар мен материалдардың жоғары сапасымен ерекшеленеді. Осының арқасында, қолдану ережелерін сақтау аккумуляторлардың асқан тиімділігін, сенімділігі мен қауіпсіздігін кепілдендіруге мүмкіндік береді.

Ашалы тиегіштерге арналған шиналар

Біздің компания барлық халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін, Trelleborg және Solideal сияқты әлемдік танымал өндірушілердің пневматикалық және тұтас құйылған шиналарының кең сұрыпталымын ұсынады.
 
Шиналарды таңдау кезінде біз тиегіштер үшін маңызды саналатын еден бетінің күйіне жіті назар аударуды ұсынамыз. Біркелкі емес беттер мен шұңқырларда пневматикалық шиналар орнатылған тиегіштерді пайдалану ұсынылады, себебі олар соққыларды жақсы амортизациялайды және қатысты алғанда арзанырақ келеді. Еден бетінде кішігірім металл заттар немесе әйнек сынықтары шашылып жатса, тұтас құйылған немесе суперэластиктен жасалған шиналарды қолдану ұсынылады. Мұндай шиналарға ауа толтырылмайды, сондықтан оларды тесіп алу қиын. Дегенмен мұндай шиналардың кемшілігі олардың барынша қатты келетіндігінде әрі тербелістерден аз деңгейде сақтандыратындығында жатыр.
Тұтас құйылған шиналардың демпферлеу сипаттары пневматикалық шиналарға қарағанда төмен. Олардың демпферлеу сипаттары пневматикалық шиналардың мұндай көрсеткішінің 75-80 %-ын құрайды. Алайда бұл пневматикалық шиналардан бас тартып, тек тұтас құйылған шиналарды таңдау қажет дегенді білдірмейді. Себебі кейбір жағдайларда бұл көрсеткіш қозғалу жылдамдығы және жүктің зақымдануын болдырмау үшін маңызды мәнге ие.
Біз ұсынған шина таңбаларының әртүрлі күрделі техникалық және климаттық жағдайларда қолдану кезінде өздерін сәтті көрсете білгендігін ескере кету керек.


Біз ұсынамыз

Жүк көтергіштігі (газ/бензин)
Жүк көтергіштігі (дизель)

Ашалы тиегіштер (дизель/газ/бензин)

Қоймаларда және өзге орындарда тиеп-түсіру әрекеттерін орындау кезінде таптырмас құрал.

Электр тиегіштер

Жабық қоймаларда, тамақ, фармацевтика және өзге өнеркәсіп салаларына маманданған кәсіпорындарда тиеп-түсіру әрекеттерін жүзеге асыру кезінде қолданылады.

Гидравликалық арбалар

Дүкендердегі, қоймалардағы, қосалқы жайлар мен өзге үй-жайлардағы жүктерді жылжыту үшін қолданылады.

Электр арбалар

Жүкті өңдеу жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді, оператордың жұмысын жеңілдетеді.

Қаттауыштар (электр)

Көтеру биіктігі 6,3 метрге дейін жететін электр қаттауыштар қоймадағы әртүрлі операцияларды орындау үшін қолданылады.

Тапсырыстарды толымдау техникасы

Тапсырыстарды толымдау процесін жетілдіруге арналған.

Ричтрак

Қоймадағы жұмыстарды оңтайландыруға арналған.

Тар өтпелерге арналған қаттауыштар

Жүкті 14 метрге дейін көтеруге болатын өте тар жұмыс дәліздерінде жинастыру әрекеттерін орындау үшін қолданылады.

Тартқыштар

Жүктерді көлденеңінен тасымалдау үшін қолданылады.

Еден жуу машиналары

Танымал итальян өндірушілері ұсынған бедері әртүрлі едендерді тазартуға арналған кәсіби тазалау техникасы.